418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда дизайны ерекше маскаларға сұраныс артты

  • 154
  • UPD: 15:33, 26.06.2020
Индонезияда дизайны ерекше маскаларға сұраныс артты

Индонезияда дизайнерлер бірнеше мәрте пайдалануға болатын маска жасай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрбір бетперденің өзіндік ерекше стилі, бірегей дизайны бар. Маскаға адамның бетпердесіз күйдегі суреті басылады. Оны жасауға жарты сағат уақыт кетеді. Бағасы шамамен 3 АҚШ доллары. Баспахана иелері аз уақытта жүздеген тапсырыс алған.

Николас Септиан Суганди, баспахана иесі:

- Басында біз бұл маскалардың сатылатынына күмәндандық. Алайда, кейін сұраныс пайда болғандықтан, өндірісті арттырдық. Бұл бастама біздің бизнесімізді сақтап қалуға көмектесті. Пандемияға байланысты шығынға ұшыраған едік.

Хабар 24 телеарнасы