418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда Түркияның әскери өктемдігіне қарсы ереуіл өтті

  • 134
  • UPD: 21:08, 06.07.2020

Ливияның екінші ірі қаласы саналатын Бенгазиде жалпыхалықтық ереуіл өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған мыңдаған адам қатысты. Наразылық шарасына жергілікті халықтан бөлек, өзге шаһар тұрғындары да арнайы келген.  Олар Түркияның әскери өктемдігіне қарсылық танытты.

Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен шеттетілгеннен кейін қос үкімет орнаған. Бірі –  БҰҰ-ның қолдауымен құрылған Ұлттық келісім үкіметі. Екіншісі – Өкілдер палатасы. Жақында Ұлттық келісім  үкіметінің басшысы мен түрік билігі қорғаныс саласындағы келісімшартқа қол қойған. Өкілдер палатасының пікірінше, құжат түріктерге Ливияда өз өктемдігін жүргізуге мүмкіндік береді. Мұны тұрғындардың көбі қолдап, ереуіл өткізіп жатыр. Қарсы тарап бұл мәселеге қатысты халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы