419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты

  • 409
  • UPD: 10:58, 07.07.2020
АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты euronews.com

Worldometers сайтының мәліметі бойынша АҚШ-та 3 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған.

Қазір Америка Құрама Штаттары COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастап тұр.

АҚШ-тан кейін Бразилия келе жатыр, бұл елде 1 млн 613 мың адамнан КВИ анықталған.

Қазіргі уақытта АҚШ-та 1 миллион 307 мың науқас емделіп шықты. Ал 132 мыңнан астам адам қауіпті індеттен көз жұмды.

Айта кетейік, пандемия басталғаны әлемде 11 миллион 674 мың адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде 538 мыңы мерт болған. 6 миллион 606 мың науқас емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы