418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі сән апталығы алғаш рет онлайн өтті

  • 174
  • UPD: 22:26, 10.07.2020
Париждегі сән апталығы алғаш рет онлайн өтті

Пандемияға байланысты атақты дизайнерлерге өз жоспарларын өзгертуге тура келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киім жиынтықтарын ұсыну үшін қысқа фильмдер түсірді. Біреуі онда ертегідегідей орман көрсетіп, модельдері су перілері мен нимфалар кейпінде шыққан. Ал тағы біреуі Париждің қаңырап қалған көшелерінде мода көрсетілімін ұйымдастырыпты. Ал кейбір сән үйлері тіпті биылғы байқауға қатысудына бас тартып, өз киім жиынтықтарын келесі жылдың қаңтар айында көрсететін болды.

Мария Грация Кьюри, Dior мода үйінің шығармашылық директоры:

– Кутюрье идеясы жағынан түс көрумен, қиялмен ұқсас деп ойлаймын. Ал егер арман ұсынып отырсаң, жұртты өз қиялыңа шақыруыңа болады. Осылай маған фильм түсіру ойы келді. Осындай сезімдерді тек кино жеткізе алады деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы