423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

122 жастағы кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

  • 730
  • UPD: 15:28, 16.07.2020
122 жастағы кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Филиппиннің Кабанкалан қаласының 122 жастағы тұрғыны ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті.

Бұл туралы Atres Media хабарлайды.

Франциска Сусано 1897 жылдың 11 қыркүйегінде дүниеге келген. Өмір бойы фермада жұмыс істеген кейуананың 14 баласы бар.

Сусано ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы табиғи таза өнімдерді тұтынуда деп есептейді. Өзі баклажан, кәді, сәбізбен қатар балды ерекше жақсы көретінін айтады.

Бүгінде жергілікті билік Сусаноның құжаттарын тексеріп жатыр. Егер оның шынымен де 1897 жылдың тумасы екендігі расталса, онда ол әлемдегі ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енеді.

 

Дәл қазір 117 жастағы жапониялық Канэ Танака әлемдегі ең қарт әйел деп танылған.

Ал Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем елдерінің ішінде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды. Ұзақ өмір сүретін елдердің тізімімен танысқыңыз келсе, мына сілтемені басыңыз.

Бұған дейін әлем елдерінің тәжірибесінде ұзақ өмір сүрудің қандай құпиялары бар екенін жазған болатынбыз.

Неліктен әйел адамдардың ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүретіні туралы мына жерден оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы