423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мехикодағы зообақта су сиыры төлдеді

  • 618
  • UPD: 15:24, 21.07.2020
Мехикодағы зообақта су сиыры төлдеді

Мехикодағы ең үлкен хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық. Бақта 22 жастағы Тамба атты бегемот төлдеді.

Жаңа туған су сиырына сегіз күн болды. Кішкентай гипопотамның халі жақсы. Жүруді, тамақтануды, тіпті анасымен суға жүзуді үйренді. Әзірге бегемот баласының жынысы белгісіз. Анасынан бір елі ажырамағандықтан зообақ қызметкерлері оны тексеріп үлгірмеген. Гипопотамның бұл түрі ерекше қорғалады. Себебі халықаралық табиғатты қорғау одағы Ніл бегемотын саны аз қалған 26 мың жануарлар тізіміне қосқан.

Браконьерлер тарапынан да шабуыл көбейген. Өйткені су сиырының алыпсатарлар арасында еті, терісі, тіпті тісі де бағалы саналатын көрінеді. Айта кетейік, Ніл бегемоты пілден кейінгі ең үлкен жануар болып саналады. Тіпті бойының ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы