420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда 3 мың ауылды су басты

  • 249
  • UPD: 18:10, 21.07.2020
Үндістанда 3 мың ауылды су басты

Үндістанда нөсер толастамай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 3 мың ауылды су басқан. Табиғи апаттан әсіресе елдің шығысындағы Ассам штаты қатты зардап шекті. Мұнда 80-нен аса адам көз жұмған. Мамырдың аяғынан бері нөсер салдарынан өңірдің 3 миллионға жуық тұрғыны үй-жайын тастап, уақытша орындарға көшірілген. Бұл аздай, осы Ассам штатында қазір коронавирус та өршіп тұр. Көрші Бангладеш пен Непал халқы да топан судан зардап шегіп отыр. Бір ғана Непалдың өзінде маусымның басынан бері табиғи апаттан 100-ден аса адам көз жұмған. Із-түзсіз жоғалып кеткен 50-ге жуық тұрғын әлі табылған жоқ. Ал мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар нөсердің жақын арада басылатын түрі жоқ дейді.

Вишну Дас, уақытша лагерь басшысы:

– Билік су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік беріп, малдарына жем-шөбін жеткізіп жатыр. Ал үйлеріне нұқсан келтірілген кейбір тұрғындарға шатырлар тараттық.

Анджан Чандра, жергілікті тұрғын:

– Мен кедеймін. Топан су кесірінен лашығымнан түк қалмады. Жаңадан салу керек. Отбасымызбен бірге ең қажетті деген заттарды ғана алып шығып үлгердік. Сөйтіп, осы уақытша лагерьге келдік.

Хабар 24 телеарнасы