426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда карантин жеңілдегеннен кейін коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

  • 435
  • UPD: 11:04, 23.07.2020

Бүгінде күніне ең кемі 500 дерек тіркеледі.

Қайта жергілікті билік қазір елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп отыр. Мамырдың 10-ынан бастап бірқатар шектеу шараларын алып тастаған соң, азаматтар өзін-өзі оқшаулаудан шығып, бір-бірімен жиі байланыса бастады. Осылайша қауіпті індеттің кең таралуына жол беріп алдық дейді эпидемиолог мамандар. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайы нашар мемлекеттерден күн сайын 1 мыңнан астам өзбекстандық үйлеріне оралуда. Бұл да коронавирусқа қатысты жалпы статистикаға әсер ететін көрінеді. Ал елдегі саяси партиялардың бірінің жетекшісі Алишер Кадыров жырақта жатқан отандастарын Өзбекстанға қайтаруды тоқтатуды ұсынғанын айта кетейік. Бүгінгі таңда көрші ағайын тамыздың біріне дейін карантин тәртібін қайта күшейтіп, адамдардың көшеде, ал көліктердің қала ішінде жүруін шектеп отыр. Сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысы, әуе және теміржол байланысы тоқтатылды.

Нұрмат Отабеков, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитарлық инспекторы:

– Өзбекстанда күніне шамамен 500 коронавирус дерегі тіркеледі. Бұл 34 млн халқы бар мемлекет үшін көп емес. Аурудың қарқынды көрсеткіші деген түсінік бар. Осы көрсеткіш бойынша біз ТМД елдері ішінде ең соңғы орындамыз. Бүгінде Өзбекстанда 100 мың адамға шаққанда 51 ғана науқас жатыр.

Хабар 24 телеарнасы