426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда еврейлерді жеккөрушілік негізінде қылмыстар көбейген

  • 246
  • UPD: 14:04, 26.07.2020
Германияда еврейлерді жеккөрушілік негізінде қылмыстар көбейген

Германия ішкі істер министрлігінің хабарлауыша, өткен жылы бұл елде осындай сипаттағы 2 мыңнан астам іс тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Антисемитизм негізінде болған ең шулы істің бірі – 2019 жылғы Галле қаласындағы синагогаға шабуыл. Билік оны лаңкестік әрекет деп тапқан. 28 жастағы жергілікті азамат еврейлердің Йом-кипур мейрамы кезінде синагогаға кіріп, қарумен адамдарды қыруға талпынады. Алайда жоспарын іске асыра алмайды. Ғимараттағы 68 адамның ешбірі жапа шекпейді. Бірақ қаскөй көшедегі 2 жүргіншіні атып өлтіріп, тағы 2 кісіні жаралайды. Бірнеше күн бұрын Германияда осыған байланысты сот басталды. Айыпталушы өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хеннинг Хаберланд, Магдебург қаласы сотының спикері:

– Айыпталушы біздің мемлекетте барлық адам мен діни конфессиялардың және әлеуметтік топтардың бейбіт өмір сүруі туралы қоғамның басты құндылықтарына шабуыл жасады. Осымен бірге өзге азаматтарға үлкен қасірет әкелді. Сондықтан ол қатаң жазалануы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы