430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалпыұлттық карантин енгізбеген Кореяның экономикасы тұрақсыз болып тұр

  • 315
  • UPD: 09:42, 27.07.2020
Жалпыұлттық карантин енгізбеген Кореяның экономикасы тұрақсыз болып тұр

Бүкіләлемдік пандемия кезінде жаппай карантин енгізуден бас тартқан елдердің өзі экономикалық тұрақтылықты сақтай алмады.

Мәселен, Оңтүстік Кореяда жалпыұлттық карантин енгізілген жоқ. Десе де, биылғы екінші тоқсанда елдің ішкі жалпы өнім көрсеткіші 3,3 процентке төмендеді. Жылдық мәнде экономика 2,9 процентке құлдыраған. Мұндай жағдай 1998 жылдан бері алғаш рет тіркелді. Оңтүстік Корея бюджеті негізінен экспортқа тәуелді. Өзге елдердегі шектеулерге байланысты алыс-беріс айтарлықтай кеміген. Осы тоқсанда экспорт 16 жарым, импорт 7 жарым процентке азайған. Десе де, ішкі нарықтың тұтынушылық қабілеті 1,4 процентке артты.

Хабар 24 телеарнасы