425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ елдеріне ремдесивир тамызда жеткізіледі

  • 264
  • UPD: 13:59, 30.07.2020
Еуроодақ елдеріне ремдесивир тамызда жеткізіледі

Коронавирус инфекциясын емдеуге арналған «ремдесивир» препараты Еуроодақ елдері мен Ұлыбританияда тамыз айында жеткізіледі.

Дәрі қазан айында тағы толығады. Ремдесивирді қабылдаған науқас коронавирус инфекциясынан тезірек айығып шығады. Бүгінде бұл Еуроодақ аймағында COVID-19-ға қарсы рұқсат етілген жалғыз препарат.

Дана Спинан, Еурокомиссияның ресми өкілі:

- Тамыз айынан бастап ремдесивир «Веклури» маркасымен Еуроодақ пен Ұлыбританияда қолжетімді болмақ. Еурокомиссия құны 63 млн еуроға келісім-шарт жасасты. Осылайша ауыр халде жатқан шамамен 30 мың науқас осы дәрімен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы