432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

  • 286
  • UPD: 12:43, 31.07.2020
АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

Бұл туралы осы елдің мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді.

Атап айтқанда, Иранға ядролық бағдарламаларда қолданылуы мүмкін металл түрлерін жеткізуге шектеу қойылып отыр. Қара тізімде құрылыс материалдары да бар.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Вашингтон Иран ядролық келісімінен шығып, Тегеранға қарсы санкциялар жариялаған болатын. Дональд Трамп әкімшілігі өзге елдерге ирандық мұнайды сатып алуға тыйым салып, Ислам Республикасының Революциялық сақшылар корпусын террористік ұйымдар тізіміне қосты. Ал осы жылдың басында Иран билігі де халықаралық келісім талаптарын орындамайтынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы