424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай коронавирустың жаңа ошағымен қалай күресіп жатыр?

  • 247
  • UPD: 14:27, 01.08.2020

Қытайда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 127 науқас анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 11-інде ауру белгілері жоқ. 112 вирус жұқтырған дерек елдің батысы Синьцзяндағы Ұйғыр автономды өңірінде анықталған. 11-і шығыстағы Ляонин елді мекенінен тіркелді. 18,5 мың адам дәрігерлер бақылауына алынды. Соңғы 10 күнде әкімшілік аймақ Гонконгте да кесел жұқтырғандар саны артып келеді. Жалпы Қытай Халық Республикасы індеттің жаңа ошағымен қалай күресіп жатыр?

Жақында ғана жергілікті билік ел астанасы Бейжіңде коронавирус жұқтырғандар мүлдем жоқ деп мәлімдеме жасаған еді.

Үш апта өтер-өтпес кеселдің жаңа ошақтары тіркеле бастады. Анықталғандай коронавирустың жаңа дерегі Ляонин елді мекенінде орналасқан Далянь қаласынан тараған. Қазір вирус жұқтырған азамат медицина қызметкерлерінің бақылауында. Дегенмен ауруханаға түскенше, Қытайдың 8 өңіріне вирусты таратып үлгерген. Олардың көбі ауру белгілері жоқ науқастар. Мамандардың айтуынша, вирус теңіз өнімдерінен жұққан. Ең бірінші науқас сол тауарларды өңдейтін кәсіпорын қызметкері екен. 

У Цзунью, ҚХР аурруды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы:

– Далянда соңғы 100 күнде бірде-бір жұқтырған дерек анықталмады. Осыған қарап вирус сырттан келді деген болжам болған. Бірақ сараптама нәтижесі көрсеткендей, жергілікті тұрғындар өзге қала тұрғындарымен байланыспаған. Сондықтан бұл вирус іште, теңіз өнімдерінен жұғуы мүмкін.

Дерттің дендеуіне байланысты Даляндағы туристік және ойын-сауық орталықтарының барлығы жабылды. Вирус анықталған аудандарға қоғамдық көлік пен такси қатынамайды. Жаппай тестілеу жұмыстары Синьцзян әкімшілік аймағындағы Үрімшіде басталды.

Өйткені кеселді жұқтырғандардың қатары дәл осы өңірде көп. Вирус тараған аудандар толықтай оқшауланды. Онда азық-түлікті әлеуметтік қызметкерлер тасып жүр.Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуал Гонконгте нашарлады .Қалада күнделікті кемінде 100 адамнан вирус анықталуда.

Чжун Наньшань, тыныс алу жолдары аурулары бойынша маман:

– Гонконгте ауру белгілері жоқ науқастарды анықтау үшін жаппай скринингті бастау керек. Себебі олардың басым бөлігі вирус тасымалдаушысы болып табылады. Ал 10 миллиондай халқы бар Сянган тұрғындары нуклейн қышқылына тест тапсырулары керек.

Мамандар сондай-ақ тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.Гонконгте бетперде тағу міндеттеліп, екі адамнан аса жиналуға тыйым салынды. Клуб, бар, фитнес орталықтары әзірге бір аптаға жабылды. Ал мейрамханада кешкі алтыға дейін тамақтануға болады. Онда келушілер саны көп болмауы керек, бір үстелде екі адамнан ғана отыра алады.

Хабар 24 телеарнасы