426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливандағы жарылыстан қаза тапқандар саны жүзден асты

  • 662
  • UPD: 14:26, 05.08.2020

Бейрутте болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 100-ден, ал жараланғандардың қатары 4 мыңнан асты. 

Бүгін Ливанда Ұлттық аза тұту күні. Жергілікті билік шаһарды апатты аймақ деп жариялады. Қазір өңірге медициналық көмек, құтқарушылар мен әскерилер тартылып жатыр. Жарылыс болған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Мамандар үйінділерді аршып, олардың астынан адамдарды іздестіруде. Ал шаһар ауруханаларына жарақат алғандар әлі жеткізіліп жатыр. Жергілікті дәрігерлерге Қызыл крест волонтерлері көмектесуде.

Хаури, дәрігер:

 - Қазір біздің ауруханаға 300-ге жуық жаралы адам жеткізілді. Бізде 6 операция бөлімі жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің барлығы шұғыл түрде жұмысқа шақырылды. Көріп тұрғаныңыздай жарылыстан біздің де аурухана қатты зақымданған.

Хабар 24 телеарнасы