Сомалидегі су тасқынының салдарынан жүздеген мың адам үйлерін тастап, басқа жерден пана іздеуге мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел билігінің мәліметі бойынша, 23 мың адам топан су басқан аймақтан қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқын салдарынан тұрақты тұрғын үйі жоқ халық уақытша лагерьлердегі қолдан жасалған лашықтарды паналап жүр. Сарапшылар сондай-ақ пандемия жағдайында өңірді аштық жайлағанын айтып алаңдаушылық білдіріп отыр.
Абди Мохамед, жергілікті тұрғын:
– Біз су тасқыны салдарынан қатты зардап шектік. Менің отбасым мен көршілерім – барлығымыз қауіпсіз жерге көштік. Қызыл су жақында кете қоймайтын секілді. Біз еккен дәніміздің өнімін ала алмадық, баспанасыз, жұмыссыз қалдық.