426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда коронавирус қайтадан күш алып келе жатыр

  • 234
  • UPD: 17:42, 12.08.2020
Италияда коронавирус қайтадан күш алып келе жатыр

Италияда соңғы 9 күн бойы коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді.

Ресми мәліметке қарағанда, соңғы бір күнде вирусты 400-ден астам адам жұқтырып, дерттен 6 науқас көз жұмған. Ауруға шалдыққандар қарасының артуына байланысты, билік әуежайлар мен порттарда індет көп таралған елдерден келушілерді экспресс тесттен өткізуді қолға алмақ.

Айта кетейік, Апеннин түбегінде коронавирус тарағалы бері 251 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Аурудан 35 мыңнан аса науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы