424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чили астанасында ілбіс пайда болып, тұрғындардың зәресі қашты

  • 289
  • UPD: 15:01, 21.08.2020
Чили астанасында ілбіс пайда болып, тұрғындардың зәресі қашты

Коронавирустан Чили астанасында ілбістің бой көрсетуі жиі тіркелетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сантьягоның бір ауданында тағы бір осындай жыртқыш пайда болып, адамдардың біраз зәресін қашырған. Бұл Чилиде індет таралғалы ілбістің шаһарға алтыншы рет келуі. Мамандар «жыртқыш қуаңышылықтан таудан тамақ пен су іздеп түскен шығар» деп отыр. Қаңғыған аң ұйықтатқыш дәрімен атып ұсталып, тексерістен кейін бостандыққа жіберілді.

Айта кетейік, Чили астанасы Сантьяго ілбістердің мекені саналатын Анд тауының баурайында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы