420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы ең кәрі ер адам қайтыс болды

  • 160
  • UPD: 15:58, 27.08.2020
Жапониядағы ең кәрі ер адам қайтыс болды NHK

Жапонияда ең кәрі ер адам саналып келген Мотои Фукуниси бақилық болды.

Оның жасы 110-да болатын, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Фукуниси Ибараки префектурасына қарасты Симоцума қаласында өмір сүрген. Ол 22 тамызда жергілікті ауруханада көз жұмған.

Мотои Фукуниси 1910 жылдың 25 наурызында Симоцума шаһарында дүниеге келген. Мектепте мұғалім, сонан соң балабақша директоры болып қызмет атқарған.

Енді Жапониядағы ең кәрі ер адам атағы 110 жастағы Микидзо Уэдаға тиесілі. Қария – Нара қаласының тұрғыны.

Ал жапониялық Канэ Танака әлемдегі ең қарт әйел болып танылған.

Хабар 24 телеарнасы