424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Кубаға қатысты эмбаргоны тағы бір жылға ұзартты

  • 108
  • UPD: 10:37, 11.09.2020
АҚШ Кубаға қатысты эмбаргоны тағы бір жылға ұзартты

АҚШ Кубаға қатысты эмбаргоны тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дональд Трамптың хабарлауынша, шектеу 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасады. Сонымен қатар Ақ үй басшысы Кубаға қатысты өз өкілеттілігін де ұзартып отыр.

Естеріңізге салайық, Құрама штаты мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1961 жылы үзілген. Салдарынан тараптар бір-біріне сауда саласында экономикалық санкциялар енгізген еді. Ал, 2014 жылы Барак Обаманың билік етуі кезінде қатаң шектеу шаралары жұмсарғанмен, кейін Трамп бұл саясатты қателік деп санап, эмбаргоны қайта қатаңдата бастады.

Хабар 24 телеарнасы