421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 20-дан астам адам өрт құрбаны болды

  • 113
  • UPD: 17:53, 11.09.2020
АҚШ-та 20-дан астам адам өрт құрбаны болды

Америка Құрама Штаттарының батысындағы орман өртінен кем дегенде 23 адам қаза тапты.

USA Today-дің хабарлауынша, Калифорнияда 19 адам, Орегонда үш адам, Вашингтонда бір адам көз жұмды.

Сондай-ақ ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, бірнеше адам ауыр жарақат алды.

Өрттен жүздеген үй қирады, мыңдаған ғимарат құлауы мүмкін.

Болжам бойынша елде 1,8 млн гектар аумақты алатын 100-ден астам ірі өрт болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы