427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандағы газ өңдеу зауытында өрт шықты

  • 136
  • UPD: 15:27, 24.09.2020
Үндістандағы газ өңдеу зауытында өрт шықты AgroXXI

Үндістанның Гуджарат штатындағы газ өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей ақпарат көздері ғимаратта бірнеше рет жарылыс болғанын хабарлайды. Оқиға түнгі сағат үштің кезінде басталды. Өрттен шыққан қою қара түтін жақын маңдағы елді мекендерде көрінді. Абырой болғанда апаттан адам шығыны жоқ. Зардап шеккендер жайлы да ақпарат түспеді. Болжам бойынша құбырдан газдың жылыстауы апаттың себебі болған. Құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы