432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камбоджада егеуқұйрық алтын медальмен марапатталды

  • 126
  • UPD: 11:57, 26.09.2020
Камбоджада егеуқұйрық алтын медальмен марапатталды

Камбоджада қалталы егеуқұйрық алтын медальмен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мадаққа кеміргіштер тобының өкілі жерге жасырылған миналарды тапқаны үшін ие болған. Яғни, ол осы күнге дейін 39 мина мен 28 снарядты іздеп тауып, 20 футбол алаңымен тең аумақты жарылғыш заттан тазартқан.

Айта кетейік, Магава есімді кеміргіш британ қоғамының алтын медалін алған алғашқы егеуқұйрық. Бұған дейін оны иттер, жылқылар мен көгершіндер алып келді.

Хабар 24 телеарнасы