427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда қоғамдық көлік жүргізушілері жаппай шеруге шықты

  • 125
Германияда қоғамдық көлік жүргізушілері жаппай шеруге шықты

Соның кесірінен елдің бірқатар қаласында көлік қатынасы уақытша тоқтап қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысшылар еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Айтуларынша, жүргізушілерге қосымша төлемақы беріліп, еңбек демалысы күндері ұзартылуы керек. Әйтпесе, алдағы уақытта 24 сағаттық ереуілге шығатындарын жеткізді. Себебі бұл жолы Германия қалаларындағы шеру 12 не 18 сағатқа жалғасқан.

Айта кетейік, Германияда қоғамдық көлік тұрғындар арасында кеңінен танымал. Мәселен, індет басталмай тұрып, метро, автобус пен трамвай күн сайын 32 миллион жолаушы тасымалдайтын.

Кевин, Берлин қаласының тұрғыны:

– Бүгін велосипедпен жүрдім. Бір күн қоғамдық көліксіз қатынасаң ештеңе етпейді деп ойлаймын. Өз басым шеруді қолдаймын. Себебі көлік жүргізу оңай емес. Жұмысшылар біздің жағдайымызды ойлап, күн сайын еңбек етеді. Қазіргі жағдайды ескерсек, бұл тіпті қиын. Қайткенде де індет шеруге шығуға кедергі болмауы керек. Әркім өз құқығын қорғауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы