432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Иранда антирекорд тіркелді

  • 119
  • UPD: 08:09, 06.10.2020
COVID-19: Иранда антирекорд тіркелді

Онда соңғы тәулікте коронавирусты жұқтырған 3900 жаңа науқас тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бұған дейін антирекорд 22 қыркүйек күні тіркелген еді. Ол кезде бір күнде 3700 адам қауіпті кеселді жұқтырып алған болатын. Жалпы елде індет қыркүйек айы басталғалы қайта өрши түскен. Бүгінге дейін Иранда 475 мың тұрғыннан вирус анықталған. 27 мың адам кесел құрбанына айналды.

Хабар 24 телеарнасы