428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйгілі Ковент-Гарден театры дағдарысқа ұшырады

  • 115
Әйгілі Ковент-Гарден театры дағдарысқа ұшырады

Лондондағы әйгілі Ковент-Гарден театры коронавирус індетінің кесірінен ауыр дағдарысқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Дэвид Хокнидің суретін аукционда сатуды шешті. Бұл суретте сэр Дэвид Уэбстер бейнеленген. 25 жыл бойы Ковент-Гарденды басқарған бұл кісі оны бүкіл әлемге әйгілі театрға айналдырған болатын. Бұл сурет 18 миллион фунтқа бағаланып отыр. Айта кету керек, наурыз айында театр жабылып, мүлдем табыссыз қалды.

Катарин Арнольд, Christie’s аукцион үйінің өкілі:

– Корольдіктің опера театры ауыр шешім қабылдауға мәжбүр. Пандемия бүкіл бизнес пен жеке шаруашылықтарға кесірін тигізгені баршаға мәлім. Мәдени мекемелер мен жалпы өнер саласы қиын қыспаққа түсті. Сол себепті Ковент-Гарден ең алдымен әртістерінің болашағын ойлап, картинаны сатуға бел буды.

Хабар 24 телеарнасы