427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде дәмханалар мен барлар бір айға жабылды

  • 63
  • UPD: 10:20, 08.10.2020
Брюссельде дәмханалар мен барлар бір айға жабылды

Бельгия астанасында індеттің таралуының күшеюіне байланысты үкімет дәмханалар мен барларды бір айға жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Брюссельде дертті жұқтырғандар қарасы соңғы екі аптада 100 мың тұрғынға шаққанда 502 адамды құраған. Ал індет таралғалы Корольдікте 9 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Коронавирус диагнозымен ауруханаға жеткізілген адамдардың да саны артқан.

Франк Ванденброук, Бельгия денсаулық сақтау министрі:

- Тұрғындардың сақтық шараларын сақтауына қарамастан індеттің одан әрі таралуын тежеу үшін дәмханалар мен барлардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдадық. Өйткені тамақтану орындары вирустың ошағына айналған.

Хабар 24 телеарнасы