429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда төтенше жағдай режимі енгізіледі

  • 61
  • UPD: 15:18, 16.10.2020

Францияда санитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Жан Кастекс мәлімдеді.

Қатаң шара 4 апта жалғасады. Бірақ билік оны қарашаның соңына дейін созуды көздеп отыр. Елде түнгі уақытта коменданттық сағат енгізіліп, адамдар тек қызмет бабы бойынша дәрігерге қаралуға немесе сапарлайтын жолаушыларға ғана жүруге рұқсат етіледі. Жаңа шектеулер енгізілетін аймақтарға қосымша 12 мың полицей аттандырылды. Алдағы бірнеше айда Париж бен тағы 8 ірі қалада мереке мен кештер ұйымдастыруға тыйым салынды. Мемлекеттік және жекеменшік компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Дегенмен мектептер жабылмаған. 

Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:

- Коменданттық сағат енгізілетін аймақтарда күндіз де тәртіп қатаңдатылады. Мысалы, мейрамханаларда спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады. Спорт залдарда балалар мен кәсіпқой спортшылардан басқа адамдардың жүруіне болмайды. Азаматтар жауапкершілік танытып, шектеулерді сақтайды деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы