420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда парламенттік сайлау ресми түрде кейінге қалдырылды

  • 163
  • UPD: 10:26, 23.10.2020
Қырғызстанда парламенттік сайлау ресми түрде кейінге қалдырылды

Тиісті Жарлыққа бір күн бұрын ел президентінің міндетін уақытша атқарушы Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Қырғызстан Жогорку Кенеш депутаттары сайлауға қатысты заң жобасын мақұлдаған еді. Оған сәйкес сайлау күні 2021 жылдың 1 маусымына дейін белгіленуі тиіс. Аталған құжат сондай-ақ елде конституциялық реформа жүргізуді де көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қырғызстанның орталық сайлау комитеті бірінші парламенттік сайлаудың қорытындысын жарамсыз деп таныған еді.

Хабар 24 телеарнасы