425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда ішінара локдаун енгізіліп жатыр

  • 126
  • UPD: 09:40, 28.10.2020
Германияда ішінара локдаун енгізіліп жатыр

Германияда коронавирусты жұқтыру деректері күрт өсіп келеді. Осыған байланысты Бавария өңірінің екінші аймағы локдаун енгізді.

Австриямен шекаралас Роттал Ин ауданында барлық мектептер мен балабақшалар жабылды. Жергілікті тұрғындарға тек дәрігерге қаралып, дүкенге шығуға рұқсат. Сондай-ақ спортпен айналысып, үй жануарларын сыртқа шығара алады. Өткен тәулікте Германияда 11 409 науқас анықталды. Алайда осы аптада ауруды жұқтырғандардың саны күрт артатын түрі бар. Экономика министрі Петер Альтмайердің болжамынша, күніне 20 мыңдай адам вирусты жұқтыруы мүмкін. СӘрсенбі күні Германияда федералдық өңірлердің басшылары бас қосып, екінші локдаун енгізу мәселесін қарастырады. Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, ел тұрғындарының жартысы карантин шектеулерінің күшейтілуін қолдап отыр.  

Бригиттэ Берлин қаласының тұрғыны:

- Тағы да шектеулер енгізіледі деген күдігім бар. Бірақ бұл дұрыс деп ойлаймын. Өйткені пандемия жағдайында өмір сүруге дағдылану керек. 

Катрин Берлин қаласының тұрғыны:

- Үкімет тиісті шаралар қабылдады деп санаймын. Қоғам да лайықты әрекет етеді деген үміт бар. Бұл мен үшін арақашықтық, гигиена және маскаларға қатысты бүкіл ережелерді сақтау деген сөз. Барлығымыз ережелерді сақтап жүрсек, қысты қиындықсыз өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы