422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мачу-Пикчуге алғашқы туристер келді

  • 100
Мачу-Пикчуге алғашқы туристер келді

Бірнеше айға созылған тыйымнан кейін Мачу-Пикчу қайтадан туристерді қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып ежелгі қалаға Чили азаматтары келді. Індетке байланысты қазір мұнда жаңа тәртіп орнаған. Әрбір келуші санитарлық шараларды қатаң сақтауы тиіс. Бұдан бөлек, көрікті жерді көргісі келетіндердің санына да шектеу қойылған. Әзірге Мачу-Пикчуді күніне тек 675 адам ғана тамашалай алады. Ал 12 жасқа дейінгі балалар үшін көне қала есігі мүлдем жабық. Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, Инктер тайпасының цитаделіне кіру билеттері 12 қараша дейін алдын ала сатылып кетіпті.

Хабар 24 телеарнасы