425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Измирдегі жер сілкінісі: 91 сағаттан соң үйінділер астынан бүлдіршін құтқарылды

  • 168
  • UPD: 17:55, 03.11.2020

91 сағаттан кейінгі ғажап.

Измирде Айда Гезгин атты кішкентай қыз құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан шығарылған 107-кісінің жағдайының бірқалыпты екені жарияланды. Қазірше ол Еге университетінің ауруханасына жатқызылды.

30 қазанда болған табиғи апаттан қаза тапқандардың саны 102-ге жетті. Зардап шеккен 1046 адамның 883-і жазылып шықты. Қалғаны дәрігерлер бақылауында. Жермен жексен болған 17 ғимараттың 12-сінде құтқару жұмыстары аяқталды. Бесеуінде төтенше жағдайлар тобы үздіксіз жұмыс жүргізіп отыр.

Бұған дейін Түркияда 65 сағаттан астам уақыт бойы үйінділер астында жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылғанын жазғанбыз.

Айта кеткен жөн, 6,6 балдық жер сілкінісінен кейін 1475 жер асты дүмпуі тіркелген. Оның төртеуі 4,4 балдан жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Түркияның Измир провинциясында 6,6 балдық жер сілкінісі болып, ондаған ғимарат қирап, олардың астында тұрғындар қалып қойған. Табиғи апаттың салдарынан Егей теңізі жағалауға жақын жері қақ жарылып, бір ауданды су шайып кеткен. 4440-ден астам ғимаратқа зақым келген. Қауіпті тұрғын үйлерге кіруге тыйым салынды.

Сондай-ақ әлеуметтік парақшаларда зілзала жайлы арандатушылық хабарламасын тарқатқан 19 кісіге қатысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы