423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Люфтганза» жолаушыларды тестілеуді бастады

  • 68
  • UPD: 11:42, 13.11.2020
«Люфтганза» жолаушыларды тестілеуді бастады

«Люфтганза» әуе компаниясы КОВИД-19 дертіне тестілей бастады. Мюнхен-Гамбург рейсінің жолаушылары коронавирусты анықтайтын жедел тесттен тегін өтті.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, сараптаманы өткізу үшін бір сағаттай қосымша уақыт бөлуге тура келді. Әуежайда тексеруден өткісі келмейтін жолаушылар мерзімі 48 сағаттан аспайтын ПТР тестілеудің қорытындысын көрсетуі тиіс. Осылайша әуе тасымалдаушы компания ұшақ ішінде коронавирусты жұқтыру қауіпін азайтып, індет кезінде де жұртты сапарларға шығуға ынталандырмақ. 

Кристоф Лефферс, Lufthansa әуе компаниясының өкілі:

- Тестілеуден өткісі келмейтін жолаушыларда сараптама қорытындысы болуы керек. Өз қызметкерлерімізді де тексереміз. Әрине тест дәлдігі 95 процент төңірегінде болғандықтан барлық науқасты анықтай алмаймыз. Дегенмен, жағдайды бақылап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы