423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Pfizer АҚШ билігінен вакцинаны қолдануға рұқсат беруді сұрады

  • 63
  • UPD: 09:15, 21.11.2020
Pfizer АҚШ билігінен вакцинаны қолдануға рұқсат беруді сұрады

Америкалық Pfizer компаниясы мен германиялық «Байонтек» бірлестігі АҚШ билігінен коронавирусқа қарсы вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат беруді сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат осы елдің азық-түлік пен дәрі-дәрмекті санитарлық бақылау басқармасына жолданды. Қос компания Австралия, Ұлыбритания, Канада, Жапония және Еуроодақ елдеріне де өтініш жасады.

Айта кетейік, аталған компаниялардың вакцинасы сынақтың соңғы үшінші кезеңін аяқтап, вирусқа қарсы жоғарғы тиімділігін көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы