Венгрия – Еуроодақта ресейлік «Спутник Ви» вакцинасын ең бірінші болып алған мемлекет, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті мамандар екпеге қатысты зертханалық тексерістерді бастап кетті. Мақсат – вакцинаны қолданбас бұрын қауіпсіздігіне көз жеткізу. Жергілікті фармавцевтикалық компанияның бірі Ресейден екпені шығаруға қажетті құжаттарды да алған. Бірақ Еурокомиссия Венгрия билігінің ресейлік вакцинаны қолдану жоспарына алаңдаушылық білдіріп отыр. Еурокомиссия егер «Спутник Ви» екпесінің адамдарға кері әсері болса, Еуроодақ халқының өзге вакциналарға сенімі жоғалады дейді.