419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Дели халқы тұншығу алдында

  • 114
Нью-Дели халқы тұншығу алдында

Үндістан астанасының ауасы бұзылып барады.

Тіпті тыныс алуға қиын. Нью-Делидегі ластану деңгейі қалыпты жағдайдан 30 есе көп. Мамандар, егер сараптама қорытындысына сүйенсек, бұл ауа тіпті тыныстауға мүлде жарамсыз депті. Ауа көп жағдайда көмір мен керосин жаққаннан және көліктен шыққан газдан ластанады. Сондай-ақ көршілес штаттарда шаруалар дақылдан қалған қалдықты өртейді. Зиянды заттардың таралу деңгейін ешкім бақыламайды. Эколог-белсенділер бұл міндетті жергілікті билік атқаруы тиіс деп есептейді. Бұдан басқа, газбен жүретін автобустарды электр көліктермен ауыстырған абзал дейді тұрғындар.

Гаурав, жергілікті тұрғын:

– Әр шаңырақта бір ғана көлік болуы тиіс. Қазір 3-4 көліктен ұстайтын отбасылар бар. Сондай-ақ көбірек тал еккен дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы