420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте мектептер қайта ашылады

  • 113
  • UPD: 08:18, 30.11.2020
Нью-Йоркте мектептер қайта ашылады

Нью-Йорктегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына қарамастан мектептер қайта ашылатын болады.

Бұл туралы шаһар мэрі Билл де Блазио хабарлады. Айтуынша, балалар аптасына 5 күн бойы мектепте сабақ оқиды. Белгілі болғандай, алдымен бастауыш сынып оқушылары желтоқсанның 7-сінен бастап партаға отырады. Кейін өзге сынып оқушылары оқуына оралмақ. Осылайша бастапқыда шамамен 190 мың бала мектеп қабырғасында білім алады. Ережеге сай балалар мен мұғалімдер вирусты анықтайтын тестті апта сайын тапсырып отырулары тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы