426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кабулдың бірнеше ауданы зымыранмен атқыланды

  • 239
  • UPD: 19:41, 12.12.2020
Кабулдың бірнеше ауданы зымыранмен атқыланды

Ауғанстан астанасы Кабулға зымыранмен шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жараланған. Шаһардың түрлі аудандарына он шақты зымыран ұшырылған. Соның екеуі халықаралық әуежай маңына түскен екен. Әзірге ешбір топ болған оқиғаны өз мойнына алған жоқ. Негізі өткен айда ғана осындай шабуыл жасалған еді. Ол кезде 8 бейбіт тұрғын көз жұмып, 30-дан астамы жараланды. Ол кезде қастандық әрекетті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» жасады деп жарияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы