418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландияда тікұшақ апатқа ұшырады

  • 76
  • UPD: 10:37, 15.12.2020
Жаңа Зеландияда тікұшақ апатқа ұшырады Газета Metro

Кентербери маңында болған тікұшақ апатынан кемінде екі адам көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақат алған.

Бұл туралы The New Zealand Herald басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, тірі қалғандарды үйінділер астынан шығаруға жергілікті тұрғындар көмектескен. Зардап шеккендер арасында балалар бар. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілген.  

Қазір елдің азаматтық авиация басқармасы осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы