Нидерландта індеттің өршуіне байланысты қатаң карантин енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шектеу шаралары 5 аптаға созылады. Жаңа тәртіпке сай мектептер жабылып, сауда орталықтары, кинотеатрлар, мұржайлар мен спортзалдар жұмысын тоқтатты. Осымен бірге билік тұрғындарды 2 адамнан артық жиналмауға шақырды.
Айта кетейік, Нидерландта індет басталғалы вирусты 628 мың адам жұқтырып алған. Дерттен 10 мыңнан аса науқас қайтыс болды.