420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда вакцинадан бас тартқандар арнайы тізімге енгізіледі

  • 101
  • UPD: 08:19, 31.12.2020
Испанияда вакцинадан бас тартқандар арнайы тізімге енгізіледі

Испания билігі коронавирусқа қарсы екпе салудан бас тартқан тұрғындардың арнайы тізімін құрады.

Тізім жария етілмейді және жұмыс берушілерге көрсетілмейді. Дегенмен, тізімді Еуроодақтың басқа елдерінің билігі қолдана алады.

Айта кеткен жөн, Испания Еуропа бойынша індеттен ең қатты зардап шеккен елдердің бірі саналады. Халыққа коронавируске қарсы вакцина салу таяуда басталды. Қазір олар американдық «Пфайзер» және немістің «Байонтек» компанияларының бірлесе жасаған препаратын алып жатыр. Алдағы уақытта құзырлы органдар тағы бір американдық «Модерна» екпесін қолдануға рұқсат береді деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы