425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы мұражай «Сүйікті қалам» тақырыбына байқау жариялады

  • 847
  • UPD: 20:15, 12.09.2017

Туған жерді қастерлеу, оның тарихын танып, насихаттау – рухани жаңғырудың маңызды бөлігі.

Алматы қаласының мұражайында қала күніне арналған мәдени шараларды ұйымдастырушылар осы ұстанымды мақсат етіпті. Ашылғанына екі жыл болған мұражайда шаһар тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған. Әсіресе мыңжылдық тарихы бар ежелгі шаһар орнынан табылған қыштан жасалған су құбыры келушілер арасында қызығушылық тудырды. Қала мерекесі қарсаңында әр бейсенбі сайын екі ай бойы музейде қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер майталмандары кездесу өткізіп, шағын концерттер мен шығармашылық кештер болады. Сондай-ақ студенттер мен оқушылар арасында «Сүйікті қалам» тақырыбына шығармалар байқауы жарияланады.

Азамат Сатыбалды, жоба авторы: 

- 1956 жылғы танкіде болған сағат. Соны кәдімгідей сағатқа салып жасаған. Ең бір мықтылығы, сол сағат әлі күнге істеп тұр. Конкурс арқылы көптеген ескі жәдігерлерді, ескі заттарды музейге тарту арқылы оны қайтару керек.

Хабар 24 телеарнасы