366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Қожа Ахмет Ясауи жайлы жаңа роман жарық көрді

  • 2047
  • UPD: 10:13, 17.11.2017

Түркияда күллі түркі халықтарының ұлы ғұламасы, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Ясауи жайлы жазушы Алпер Қаған Үчердің «Sarp Yokuş» атты романы жарық көрді.

Осыған орай Анкарадағы Қазақстан елшілігінде жаңа туындының тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырман қауымға кеңінен таныстырылды. Басқосуда елші Абзал Сапарбекұлы еңбектің түбі бір туыс халықтар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жиылған қауымға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап берді. Ал кітап авторы, жазушы Алпер Қаған Үчер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қолға алған бастамаларын жоғары бағалап, түркіден шыққан Қожа Ахмет Ясауи сынды ұлы тұлғалардың рухани мұраларын насихаттау қажеттегіне ерекше назар аударды.

Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі: 

- Біз осындай туындының бірінші кезекте жақын арада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының мазмұнына қаншалықты үйлесімді екенін көрдік. Сондықтан ол келешек ұрпаққа да түсінікті болуы үшін осы рухани бағдарлама шеңберінде өткізуді ұйғардық.

Хабар 24 телеарнасы