389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің тарихында алғаш рет үздік театрлар анықталады

  • 653
  • UPD: 23:55, 27.03.2018

Бүкіләлемдік театр күні. Елордамыз Астана да бұл шарадан қапы қалмай, ел тарихында алғаш рет үздік театрларын анықтайды. Мереке Максим Горький атындағы академиялық орыс драма театрында ұйымдастырылды.

Дариға Ташенова, тілші:

- Осыдан 53 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен конгресте 27 наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн көрді. Содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Елорда театрларының мамандары  да жыл сайын осы шараға атсалысып келеді. Алайда бүгін біздің әртістер үшін ерекше күн деп айтсақ қателеспейміз. Себебі өз өнерімен  халықтың таңдайын қақтырған майталмандар алғаш рет арнайы марапатқа ие болады. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін көрермендер қауымы дарынды әрі кәсіби мамандардың қойылымдарын тамашалай алады. Биыл бұл шараны ұйымдастыруды елордалық орыс драма театры қолға алды. Ұжым басшылығы өнерлі азаматтарымызды Оскар сыйлығы форматында құттықтау туралы шешім қабылдады. Дәл қазір қызыл кілем бойымен Астананың үздік әртістері өтіп жатыр. 

Еркін Қасенов, Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры: 

Дариға Ташенова, тілші:

- Бірер минуттан кейін әртістерді салтанатты түрде  марапаттау басталады. Бүгінгі бәйгеде қай театр жеңіске жеткені жайлы ақпарды алдағы сағаттарда хабарлайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы