369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова елге оралды

  • 325
  • UPD: 15:50, 27.11.2018

Минскіде өткен «Балалар Евровидениесі» байқауында қазақ елінің атынан сынға түскен Данэлия Тулешова елге оралды.

Осыдан бірер сағат бұрын Алматы әуежайынан Данэлияны атасы мен әжесі және  туған туыстары қарсы алды. Әлемдік дәрежедегі ән бәйгесінде үздік ондықтың қатарынан көрінген 12 жастағы әнші енді сәл тынығып алған соң қайтадан  қызу жұмысқа кіріседі.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь елінде өткен халықаралық байқауда Данэлия Тулешова «Өзіңе сен» әнін орындап, онлайн дауыс беруде үздік үштіктен көрінді. Ал жалпы ұпай саны бойынша 6-орыннан көрінген еді. Осымен 16-мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі  балалар ән байқауына әлемнің 20 елінен ең талантты үміткерлер қатысқан болатын.

Данэлия Тулешова, «Балалар Еуровидениесі -2018» байқауының қатысушысы:

- Маған көптеген адам дауыс берді. Нәтижесінде мен онлайн дауыс жинау бойынша 3-орыннан көріндім.  Бұл өте үлкен жетістік деп білем. Егер көрермендердің қолдауы болмаса қиындау болатын еді. Сондықтан маған дауыс берген барша көрерменге айтар алғысым шексіз.  Мұнымен тоқтап қалғымен келмейді. Енді алдағы уақыттары бүкіл әлемдік аралап, барлық биіктерді бағындырсам деймін.  

Елена Тулешова, Данэлияның анасы:

- Біз осы байқау барысында көп жұмыс жасадық. Данэлия өзін ең жоғарғы қырынан таныта білді. Осы жерде қоюшы режиссер Алексей Голубевтің де еңбегін айта кеткен жөн. Алексейдің атқарған шаруасы шаш етектен. Сондықтан оған айтар алғысымыз шексіз. Мен өте қуанышытымын. Қызым аянып қалған жоқ. Бар өнерін көрсете білді. Сондықтан мен оны әрқашан да мақтан тұтамын.

Осы категория бойынша: « Астанада Тұңғыш Президент күніне орай көшпелі көрме ашылды А.Касич: Н.Назарбаев мақаласы баянды болашақ құрудың нақты жолдарын көрсетеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы