378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтті

  • 347
  • UPD: 23:57, 01.03.2019
Астанада «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтті

Елордада Алғыс айту күні мерекесіне орай үш көп балалы отбасыға пәтер кілттері табысталды. Екі жанұя Ақмола облысынан, ал біреуі Қарағандыдан.

Көмекке мұқтаж азаматтарды анықтау мақсатында «Қазақ радиосы» арнайы марафон өткізген. Осылайша «Қарекет» қорының қолдауымен үш отбасы пәтер алу мүмкіндігі ие болды. Бұдан бөлек, марафон барысында 2 млн теңгеге жуық қаражат жиналды. Бұл қаржы ауыр індетке шалдыққан бірнеше баланың еміне жұмсалатын болады. Ал, бүгінгі «Мың алғыс» қайырымдылық концертінен жиналған қаржы 2 жасар Әділет Арыстанды емдеуге бағытталады. Бүлдіршіннің аш ішегіне трансплантация жасау үшін Мәскеуге бару керек. Бейбітшілік және келісім сарйында өткен концертке Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев және этномәдени орталықтардың өкілдері де қатысты.

Құрманбек Жұмағали, «Қазақ радиолары» ЖШС директоры:

- Қайырымды жандар көп. Біздің қазақ қашанда өзінің мәрттігімен, қамқорлығымен ерекшеленіп жүреді ғой. Сондықтан көп адам көмектеседі. Мысалы, концертте Дариға есімді қызымызға көмек қажет еді. Біздің эфирге қоңырау шалып, көмек сұраймын деп хабарласқан болатын. Сол бағдарламадан кейін бір меценат бес миллион теңге көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы