388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық балалар Парижде халықаралық байқауда жүлделерге ие болды

  • 708
  • UPD: 15:16, 29.03.2019

Нұр-Сұлтаннан келген би ансамблі Париждегі «Дарындар отшашуы» халықаралық байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас олжамен қатар жас әртістеріміз көптеген алтын мен күміс жүлдеге ие болған. Қазақстандықтармен әлемнің 10 елінен келген 400 бала бақталасқан. Іріктеу кезеңдерінен кейін атыраулық Аялан Мұқанов пен қостанайлық Шырайлым Қанатқали гала-концертте өз өнерін көрсететін болды. Ал Гран-приге ие болған би ансамблі байқаудық ақтық сынына жолдама алған. Ол Санкт-Петербор қаласында өтеді және жеңімпазы қомақты ақшалы сыйлықпен марапатталады.

Талғат Амангелдіұлы, «Атадан мұра» қорының президенті:

- Өте қуаныштымын. Біздің балалар басқа мемлекеттердің балаларымен салыстырғанда деңгейі өте жоғары, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» және Жастар жылында болып жатқан бағдарламасы балалардың өнеріне дем бергендей. Және балалардың дамуына үлкен үлес қосылып жатыр.

Мәди Мырзахан, байқауға қатысушы:

- Жақсы қабылдады. Әділқазы алқасында отырған Ресейдің ер азаматтары жақсы кабылдап отыр. Мұндай байқаулардан өзіңе көп нәрсе аласың, рухани жаңғырасың және де өзіңнен мықтыларды көріп, содан шабыттанып, өзің де сондай болғың келеді.

Хабар 24 телеарнасы