389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева үздік журналистерді марапаттады

  • 328
  • UPD: 22:40, 28.06.2019

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің де пікірі ескерілуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Журналистердің жеке қоғамдық ұйымы құрылғаны дұрыс. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева тілшілерді кәсіби мерекесімен құттықтау кезінде осылай деді. «Хабар» Агенттігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев Сенат төрағасының қолынан марапат алды. Заң шығару қызметін насихаттаудағы белсенді еңбегі үшін бір топ журналист алғыс хат иеленді. Олардың ішінде «Хабар» телеарнасының Қорытынды жаңалықтар бағдарламасының тілшісі Индира Жылқайдарова да бар.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

– Елімізде өзін-өзі реттейтін ұйым туралы жақсы заң бар. Осы құжат аясында кәсіби журналистердің қоғамдық ұйымын құру қажет. Сөйтіп мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сауатты, орынды ұсыныстар ескерілуі тиіс. Біз жобаларды бірге талқылап, нақты ұсыныстар енгізе аламыз. Қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты журналистердің пікірі де ескерілуі керек. Осы мақсатта біз келесі жылы арнайы премия тағайындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы