384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев эстафетаны жалғастырып, Абай өлеңін оқыды

  • 119
  • UPD: 13:15, 12.07.2019
Дәурен Абаев эстафетаны жалғастырып, Абай өлеңін оқыды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Абайдың «Жігіттер ойын арзан, күлік қымбат» өлеңін оқыды.

Өзінің Facebook парақшасында жариялаған видеода министр тоғыз жастағы Ләйлімшырақ Ерланқызы жолдаған эстафетаны қуана қабылдағанын айтады.

«Ләйлім есімді кішкентай қызымыз Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған да жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті ұлы ойшылымызды әлем мойындайды. Сондықтан, бұл бастаманы мен де үлкен қуаншыпен қабыл алдым», - деді Дәурен Абаев.

«Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин мырзаға және айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ханымға жолдаймын», - дейді мнистр виедоның соңында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Одан соң Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алды.

Хабар 24 телеарнасы