386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Мәскеуге қоныс аударады

  • 388
  • UPD: 10:37, 05.09.2019
Ержан Максим Мәскеуге қоныс аударады sputniknews.kz

Жас әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек Ресей астанасына 5 жылға көшетіндерін мәлімдеді.

Бұл туралы Елорда Инфо «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ержан Игорь Крутойдың музыкалық академиясына оқуға барады. Ол жақта баспананы жалға алып тұратын боламыз. Қазір ұлым Евровидениеде өнер көрсетуге дайындалып жатыр», – деді әншінің анасы.

Еске сала кетейік, оралдық жас әнші Ержан Максим Мәскеуде өткен «Голос. Дети» байқауында жеңіске жетіп, көпшілікке аты мәлім болды. Талантты өрен тіпті, елордада жеке концертін беріп үлгерді. 

Хабар 24 телеарнасы