388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Kazakh TV телеарнасы Арменияда хабар таратады

  • 217
  • UPD: 00:09, 16.10.2019

Қазақстанның тұңғыш спутниктік телеарнасы Kazakh TV Арменияда хабар тарататын болды.

Бұл туралы «Хабар» Агентігінің басшылығы МИПКОМ ((MIPCOM)) атты аудио және бейнеөнімдерінің ең ірі дүниежүзілік көрмесінде келіскен. Бүгінде Kazakh TV бірден бес тілде өз хабарын әлемнің 118 елінде таратып келеді. Бұл арна ең алдымен Қазақстан тарихы, мәдениеті және табиғатына қызуғышылық танытқан шетел көрермендеріне арналған.  «Хабар» Агенттігі ірі  дистрибьютормен ынтымақтасу арқылы кабель және спутник жүйелерімен өз хабарларына Армения аумағында таратуды көздеп отыр.

Майя Бекбаева, «Kazakh TV» телеарнасының директоры:

- Қазақ және армян халықтары әрқашан да бір-біріне жақын. Қазақстанда бүгін үлкен армян диаспорасы тұрып жатыр. Арменияның өз басында да Қазақстаннан тарихи отанына оралғандар көп. Олар біздің контентімізді сүйсініп көреді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы